Астаналық дəрігерлер Зеренді халқына медициналық көмек көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығынан келген бір топ дəрігер Ақмола облысының Зеренді аудандық емханасында жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медицина ғылымдарының докторы Əмір Ахетов бастаған астаналық дəрігерлер арасында нейрохирург, пульманолог, ревматолог, аллерголог, терапевт, ангихирург, кардиолог, аритмолог сияқты мамандар бар.

«Елімізде бұған дейін де осындай шаралар жүзеге асырылған болатын. Республикамыздың қай өңірін алсақ та, дәрігерлер жетіспейді. Бүгінгі күні Зеренді ауданына астаналық дәрігерлердің келуі аса маңызды», - дейді Зеренді аудандық емханасының бас дəрігері Банұржан Жаңғалов.

Бас дәрігердің айтуынша, емханаға күніне орта есеппен 200-250 дейін адам келіп, дəрігерге көрінеді. Емханада 40-тан астам дəрігер жұмыс істейді. Олардың жұмыс істеуіне емхананың материалдық-техникалық базасы жеткілікті. Тек емханада кей мамандардың жоқтығынан науқастарға портал арқылы Көкшетау жəне Астана қаласындағы емдеу мекемелеріндегі дәрігерлерге көрінуге тура келеді. Оның өзін порталда кезек келгенше біршама уақыт күтуге тура келеді.

Бұл жолы дəрігерлер өздері науқастарды іздеп келіп тұр. Соның ішінде бірінші санаттағы аритмолог дəрігер Нұрлан Елубаевқа 15 адам жазылыпты. Келушілердің арасында Зеренді ауылының тұрғыны Айнұр Құдабаева есімді келіншек те бар. Оның дертке шалдыққанына 7 жыл болыпты. Осыған дейін дəрігер маман болмағандықтан, ол біраз қиындық көріп жүріпті. Бұл жолы көптен күткен оған аритмолог маман УЗИ-ге бару туралы кеңес берді.

Сонымен қатар, жоғары білікті дәрігер мамандарға науқастар ғана емес, өз денсаулығына бей-жай қарамайтын дені сау тұрғындар да жолығып, ақыл-кеңес алуда. Қан тапсырып, рентгенге түсіп, өз денсаулығының қаншалықты сау екеніне астаналық дәрігерлер арқылы көз жеткізуде.
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар