Астаналық «Барыс» бүгін Ресейде «Торпедомен» кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 6 қазан күні елорда уақытымен 22:00-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 36 мәрте кездесті. Оның 21-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он төрт ойыннан кейін 15 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 13-орында келеді.

Ал, он үш ойыннан кейін 17 ұпай жинаған «Торпедо» 10-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің алтауында қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Нефтехимиктен» жеңілді.


Соңғы жаңалықтар