Астаналық әйел сот ғимаратында жәбірленушіні ұрып-соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот ғимаратында Астана тұрғыны жәбірленушіні ұрып-соқты, деп хабарлайды қалалық соттың сайты.

«2017 жылғы 25 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша сот отырысы өтті. Сот залынан шыға бере азаматша Х. жәбірленішу Б.-ға қасақана жеңіл дене жарақатын келтірді», - деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, оған 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы берілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар