Астаналық автобустар ЭКСПО-ға тәулігіне 340 мың жолаушыны тасымалдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу барысында елордалық автобустар ЭКСПО аумағына тәулігіне 340 мың жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

27 мамырдан бастап Астанада  халық көп жиналатын басты орындарға ғана аялдайтын 7 Shuttle Bus бағдарлары іске қосылады, онда 167 автобус қызмет көрсетеді.

Автобустар сауда үйлері, вокзалдар, әуежай және ЭКСПО-2017 көрмесі секілді халық көп жиналатын негізгі орындар арқылы өтеді. Сондай-ақ барлық shuttle bus көлікті тегін қалдыруға болатын арнайы автотұрақтар арқылы да өтеді. Тұрғындар мен қонақтар қала аумағында орналасқан 14 автотұраққа өз көліктерін қойып, автобус қызметін пайдалана алады.

«Орташа әрбір shuttle bus-та 8 аялдама болады. Осылайша, 11 автобус бағдарына қосымша автобустар қосылып, ЭКСПО аумағына тәулігіне 340 мың жолаушылар жолсапарын ұйымдастыра аламыз. Жол жүру құны 150 теңгені құрайды», - деді Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Берік Игенбердинов.

Соңғы жаңалықтар