Астаналық алаяқ автомобиль сатып алушыларды алдап келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық алаяқ автомобиль сатып алушыларды 30 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды елордалық сот баспасөз қызметіндегілер.

2017 жылдың наурызында ер адам Астанада заңға қайшы жолдармен дүние жинау мақсатында интернеттегі сауда арқылы автомобиль сатумен айналысатыны туралы өтірік ақпарат таратады.

«Автомашиналар саудасымен айналысатындай жағдайы болмаса да, адамдардың сеніміне кірген Т. Астананың он тұрғынының ақшасын алдау жолымен алған. Ол жәбірленушілерге жалпы сомасы 31 млн 790 мың теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген», - делінеді хабарламада. 

Алматы аудандық №2 сотының үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағымен айыпты деп танылды. Сот оған қылмыстық жолмен алған немесе қылмыстық жолмен табылған ақшаға алған мүлкін тәркілеу, үш жылға материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысуына тыйым салу, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар