Астаналық алаяқ 100-ден аса адамды «несие әперем» деп алдаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция интернетте қолжетімді несие ұсынатын алаяқтардың әрекеті туралы ескертеді. Азаматтар алаяқтардың уәдесіне сеніп, ақшасынан айырылып жатыр, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21 ақпанда Астана криминалдық полиция қызметкерлері бұрын істі болған 32 жастағы Қостанай тұрғынын ұстады. Күдікті интернетте несие берем және несие тарихын жақсартам деп жалған ақпарат таратқан. Алаяқ сайт қолданушыларымен басқа тұлғалардың атынан жалған келісім жасап, сақтандыру қызметі үшін қайтыс болған адамның атына тіркелген банк картасына алдын ала төлем жасауын сұраған. Ол алдын ала төлемді алғаннан кейін хабарламаны өшіріп, телефонын сөндіріп тастаған. Полиция қызметкерлері оны ұстады.

Күдікті Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның осы секілді 100 іске қатысы бары тексеріліп жатыр.

Егер сіз осы алаяқтың әрекетінен зардап шегіп, 5578 3427 0906 5764 банк картасына алдын-ала төлем жасасаңыз, Астана қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасына хабарласыңыз: 71-62-91, 71-63-35, 8701-333-35-18, 8702-482-22-78.

Соңғы жаңалықтар