Астанаға жеткізілген оңтүстікқазақстандық 7 жасар баланы анасы алып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық 7 жасар баланы анасы Астанадағы «Асыл бала» республикалық қауымдастығы орталығынан алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің кеңсесі баланың анасымен кездескенін растады. Бала адвокаттың қатысуымен анасына берілді. Олар адвокатпен белгісіз жаққа кетіп қалған.

Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, даулы жағдайдан соң ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев бірқатар шенеунікке сөгіс жариялап, жұмыстарынан шеттетті. Абай мен Сарыағаш елді мекендерінде полиция қызметкерлері орнынан кетті. Сондай-ақ, бұл істі арнайы прокурор өндіріске алды. 

Соңғы жаңалықтар