Астанаға теннис жұлдыздары жиналды - Карен Хачанов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанаға теннис жұлдыздары жиналды. Бұл туралы әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

К. Хачанов Astana Open ATP 500 турнирінде бастапқы кездесуін әлемнің 32-ракеткасы, америкалық Максим Крессимен өткізіп, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

«Мұндай мықты қарсыластармен жиі ойнай бермейсің. Сондықтан, тай-брейкке де дайындалу керек. Матч соңында үш ұпай алғаныма қуаныштымын. Ең шешуші сәтте сәтті ойнай білдім. Бұл жарыстың құрамы өте мықты. ATP 500 деңгейіндегі ең үздік доданың бірі деуге болады. Кілең мықтылар жиналған. Жыл аяқталуға жақын, бәрі де табысты өнер көрсеткісі келеді. Ең күштілерімен турнирдің аяғына қарай кездессем, жақсы болар еді», - деді К. Хачанов.

Карен Хачанов екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, хорватиялық Марин Чилич немесе рейтингіде 55-сатыдағы германиялық Оскар Оттенің біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Ал, Astana Open ATP 500 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы жеңіліп қалды.




Фото: ktf.kz




Соңғы жаңалықтар