Астанаға студенттер сыймай жатыр - БҒМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-на құжат тапсырған абитуриенттер саны шамадан тыс көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның айтуынша, талапкерлердің басым көпшілігі елордада оқығысы келеді.

«Астана аз ғана уақытта жастардың орталығына және білім беру хабына айналып үлгерді. Мектепті жаңа бітірген абитуриенттер Астанада орналасқан медициналық университет пен Еуразия ұлттық университетінің ақылы бөліміне де түсе алмай жатыр. Биыл бұл мәселе айтарлықтай өткірлене түсті. Мұны да талқылауға шығарып, шешімін табу керек», - деді Е. Сағадиев.

Сондай-ақ, министр биылғы жылы облыс әкімдіктеріне грант бөлуге заңдық тұрғыда рұқсат берілгенін атап өтті.

«Нормативтік базалар қабылданды, сәйкес хаттар әкімдікке жолданды. Енді облыс әкімдерінен өз студенттеріне, өз ЖОО-ларына қолдау білдіруді сұраймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар