Астанаға қыдырып келген «қонақ» бір түннің ішінде екі көлікті ұрлап, үшеуін тонап кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері көлік ұрлап және көліктерді тонағаны үшін «елорда қонағын» ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде 2 рет көлік ұрлап, 3 рет көлік тонаған 19 жастағы Ерейментау қаласының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, жігіт күндізгі уақытта дабыл жүйесі жоқ көліктерді анықтап, белгілеп қойған. Кейін бір түннің ішінде аккумулятор батареялары мен 2 көлікті ұрлап кеткен.
Ұсталушы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Осы тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтардың мына мекенжайға хабарласуын сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19, 8 (7172) 71-60-69; 71-60-28 немесе 102», - деп түсіндірді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар