Астанаға келетін көліктерден ақы алу жүйесі қарастырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елордаға сырттан келетін көліктерден ақы алуды тек таңертең ұйымдастыру көзделіп отыр, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Қаланың жол желісіне жүктемені төмендету мақсатында қалаға ақылы кіру жобасы пысықталу үстінде. Бұл туралы қалалық мәслихатта Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

«Жүргізілген зерттеулер мен Астанаға келетін көліктің кешенді талдауы көрсеткендей таңғы 7 мен 9 аралығында көлік санатына байланысты кірудің ақылы болуын енгізу көлік құралдары қозғалысы ағынының орташа жылдамдығын 15-20-ға арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобаны жүзеге асыру МЖӘ аясында жоспарланған», - деп түсіндірді әкімнің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа бару уақытында ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады.

Бүгінгі таңда, оның сөзінше, қалаға күн сайын алты магистраль (Астана-Қарағанды, Астана-Қостанай, Астана-Павлодар, Астана-Қосшы, Астана-Қорғалжын, Астана-Көкшетау) бойынша орта есеппен 82 мың машина келіп-кетеді.

Негізгі жүктеме таңғы сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін - 13,5 мың көлік (шамамен 17%) келеді.



Иллюстрациялық фото

 

Соңғы жаңалықтар