Астанаға қарап өзіміздің жұмысымызға бағыт-бағдар аламыз - Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Астана күніне орай «Арайлы Ақтөбеден, бас қала Астанаға» атты мерекелік шара өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы саябақтар мен демалыс орындарында мәдени, спорттық шаралар өтті. Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қала тұрғындары мен қонақтары мерекемен құттықтады.

«Астананы дүниежүзі таныды, мойындады. Астана барлық халықаралық стандарттарға, талаптарға сай мемлекеттің орталығы болды. Оның айғағы соңғы кездердегі Астанада өтіп жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік іс шаралар. Осының барлығы - Астананың негізін қалаушы, архитекторы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында. Біз, өңірлер, Астанаға қарап өзіміздің жұмысымызға бағыт-бағдар аламыз. Астана сияқты болғымыз келеді. Әрбір қазақстандық Астананың дамуына, өсуіне өз үлесін қосуы керек. Ақтөбеліктер де Астананың өсуіне, өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Жақында ғана Астана қаласында Ақтөбе күндері өтті. Кеше, бүгін өндіріс орындары, әлеуметтік нысандар іске қосылды. Осының барлығы Астана күніне арналған тарту. Біз, қазақстандықтар, Астанамен мақтануымыз керек, Астана үшін барлығымыз қызмет етуіміз керек»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Астана күніне арналған мерекелік шара кезінде өңір экономикасын дамытуға, әлеуетін көтеруге үлес қосқан еңбек адамдары марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар