Астанаға газ тарту мәселесі 1 айда шешіледі

2017 жылғы 2 наурыз, 14:33
Астанаға газ тарту мәселесі 1 айда шешіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға газ Қызылордадан тартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанаға газ тарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін «ҚазТрансГаз» компаниясы әзірледі. Жаңа бағдарда газ құбырын Астанаға тарту мәселесі қарастырылған. Ол құбыр Қызылорда облысынан басталады. Одан кейін Жезқазғанды, Қарағандыны басып өтіп, елордаға жеткізіледі. Соңғы нүктесі - Көкшетау қаласы. Осы техникалық-экономикалық негіздемені көрдім. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамада жатыр, зерттеу жүргізілуде. Егер мемлекеттік сараптама осы негіздемені бекітетін болса, осы бағдардың тиімділігін көрсетсе, онда Үкімет тиісті шешім қабылдайды. Бір ай қалды. Мемлекеттік сараптама шықсын. Содан кейін нақты мәлімет береміз»,- деді Бозымбаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Астанаға газ тарту жөніндегі мәселе белгісіз мерзімге тоқтатылған болатын. Дегенмен, жылдың соңына қарай Астанаға газ тарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары қайта қолға алынған еді.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar