Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді. Ф.Тюрктің мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесулері жоспарлануда», - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ ол аталмыш мейманның дәріс оқуы жопарланғанын айтты.

«Сонымен қатар жоғарғы комиссар биыл аталып өтетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс береді.

17 наурызда БҰҰ ғимаратында сапар нәтижесі бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар