Астанаға алты елдің боксшылары келе жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға алты елдің боксшылары келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

«Мамырдың 23 күні Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадағы бокс базасына жиналады. Біз онда АҚШ, Англия, Беларусь, Таиланд, Украина боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу өткіземіз. Сондай-ақ, Голландиядан боксшылар келе жатыр», - деп атап өтті Айтжанов.

«Осы біріккен оқу-жаттығу аяқтала сала маусымның 5-і мен 11-і аралығында елорда төрінде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Кубогы өтеді. Барлық құрама мүшелері осы додада сынға түседі. Ал біздің биылғы жылғы ең басты жарысымы - Жазғы Азиада ойындары болады», - деп атап өтті бас бапкер.

Соңғы жаңалықтар