«Астанафильм» жаңа киностудиясы қай жерде орналасатыны белгілі болды
«Астанафильм» киностудиясын құруға қатысты Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатырмыз. Бізге осындай киностудияны құру қажеттілігі байқалып отыр. Мәселен, Венгрия, Чехия секілді аумағы жағынан шағын елдердің өзінде бірнеше ресми киностудиялар бар», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы киноиндустрияда қарқынды даму процесі жүріп жатыр, сондықтан алдағы уақытта «Қазақфильм» ауқымды жұмыстарды игере алмауы мүмкін.
«Менің ойымша, жаңа студия ЭКСПО-қалашық маңында орналасады. Қазіргі кезде сәулет мәселесі маңызды болып тұр. Себебі әлемдік киностудияларға туристер көптеп баратыны белгілі. Яғни киноөндіріс бизнеспен қатар жүргізілуі тиіс. Егер де биыл жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтасақ, онда алдағы жылы құрылыстың басталуына өтінім жібере аламыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.