«Астанафильм» киностудия жобасы уақытша тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЭКСПО аумағындағы «Астанафильм» жаңа киностудиясын құру жобасы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кинематография және театр өнері басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір жоба (Астанафильм – ред) уақытша тоқтатылды. Бұл мәселені әзірге кейінге қалдыра тұруды тапсырды», - деп жауап берді Кинематография және театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова.

Сонымен бірге, басқарма аталған жобаның тоқтатылу себебін түсіндірмеді.

Айта кетейік, «Астанафильм» киностудиясын құру бастамасын Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың қыркүйек айында хабарлаған еді.


Жаңа кешен ЭКСПО аумағында шамамен 5 жылда салынуы тиіс болған.


Соңғы жаңалықтар