Астанадан Ташкентке қосымша екі рейс ұшады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан  Ташкентке қосымша екі рейс ұшады. Осылайша, Астадан Өзбекстан астанасына аптасына алты рейс қатынамақ. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы кезінде Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Екі елдің өзара ықпалдастығы үшін тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Өзбекстанмен арадағы шекарада қосымша екі өткізу пунктін іске қосамыз. Сондай-ақ, қазір жұмыс істеп тұрған үш  тексеру пунктінің жұмысын тəуліктік қызметке ауыстырмақпыз. Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жасаған сапары аясында көп салада осындай өзгерістер болмақ", - деді Жеңіс Қасымбек.

Нақты өзгерістерге тоқталған министр Астанадан Ташкентке қосымша екі рейс ұшатынын хабарлады.

"Алдыңғы күні ғана Алматы-Ташкент, Ташкент-Алматы жүрдек пойызы іске қосылды. Осы пойыздың билеті түгел сатылып кетті. Астанадан Ташкентке  қосымша тағы екі рейс ұшатын болды. Алматыдан 12 рейс, Астанадан енді аптасына алты рейс қатынайды",-деді министр.

Соңғы жаңалықтар