Астанадан Анталияға жаңа рейс ашылды

Фото: Фото: instagram.com/nqz_airport
АСТАНА. ҚазАқпарат - Mavi Gök Aviation Анталия-Астана-Анталия жаңа рейсін ашты. Алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағымен орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әуежайына сілтеме жасап.

Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Әуе компаниясы биыл шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар