Астанадан Алтынсарин ауылына қатынайтын бағдар ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан Ы. Алтынсарин ауылына қатынайтын №319 жаңа бағдар іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«10 ақпаннан бастап № 319 жаңа қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылды. Ол Ы. Алтынсарин (96 разъезд) ауылына қатынайды. Бағдар «Рахмет» сауда орталығы аялдамасынан басталады, Н.Тілендиев даңғылы, Астрахан тас жолы бойымен, одан әрі оңға Ы. Алтынсарин ауылына қарай жүреді. Оңға бұрылып Д.Қонаев көшесі бойымен Торғай көшесінің қиылысына дейін келеді», - деп хабарлайды Astana LRT компаниясы.

Кері бағытта осы жолдармен жүреді.

Соңғы жаңалықтар