Астанадан 3 тонна қоқыс шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясы күні 3,3 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, акция 15 қыркүйек күні өтті. Елорданы күл-қоқыстан тазартуға 5 мың адам қатысқан.

Сарыбұлақ өзенінің жағасынан, № 14, № 37, № 73 мектептердің және «Нұрлы жол» вокзалы аумағынан, Қорғалжын тасжолынан, Н. Тілендиев көшесінен және тағы да басқа, барлығы 10 ауданнан 3,3 тонна қатты қоқыс жиналған.

Бұл акцияның ерекшелігі жиналған қоқыс сұрыпталып (қайталама шикізат бөлек, аралас қоқыс бөлек), «Kaz Recycle Service» ЖШС-нің қоқыс өңдейтін зауытына жіберілді.

Айта кетейік, «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясы жыл сайын 15 қыркүйек күні өтеді. Оған әлемнің 150-ден астам елі қатысады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 мың ерікті бес сағаттың ішінде елді 10 мың тонна қоқыстан тазартқан.

null 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 қыркүйек күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді.

Оған 2 мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым, 46 жоғары оқу орны мен орта кәсіптік оқу мекемесі, 177 орта мектеп мен жалпы білім беретін мекеме, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме мен ұйымдар және кәсіпорындар, жалпы 72 мың адам қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ 520 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылмақ.

Бұдан бөлек, 12 534 түп ағаш отырғызылатыны жоспарланған.

Астана қаласында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық 10 қазанға дейін жалғасады.

null

 
Соңғы жаңалықтар