Астанадағы жылы аялдамалар қашан ашылатындығы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде қазан айында орнатылған жаңа аялдама павильондары неге осы күнге дейін жұмыс істемей тұрғандығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде жабық типтегі 55 павильон орнатылған. Оның ішінде 37-сі пайдалануға берілді. Қалған 18-і бойынша кестеге сәйкес іске қосу шараралы атқарылып жатыр», - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі кезде павильондарды қалалық энергиямен қамтамасыз ету желілеріне қосу жүргізілуде.

 «Аталған нысандарға қатысты жұмыстар 2018 жылғы 25 қарашада толықтай аяқталады деп күтілуде», - деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, биыл Астанада 55 жылы аялдама ашылатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар