Астанадағы Жұмабаев даңғылы ішінара жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Мағжан Жұмабаев даңғылының Бауыржан Момышұлы даңғылынан Бейімбет Майлин көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Б. Момышұлы даңғылынан Б. Майлин көшесіне дейінгі учаскедегі М. Жұмабаев даңғылы бойынша асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын салу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, осы жылдың 14 тамызы сағат 20:00-ден 15 тамыз сағат 13:00-ге дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы тоқтатылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлап алғаны жөн. 

Соңғы жаңалықтар