Астанадағы жол апаты: Зардап шеккендерге өтемақы қалай төленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Astana LRT басшысы Бекмырза Игенбердинов елордадағы жол апатынан зардап шеккендерді сақтандыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, сақтандыру бар, әрбір автобус паркі жолаушылар мен жүкті тұтас сақтандырады. Қазір өтемақы көлемін айта алмаймын. Ең алдымен, медициналық сараптама жүргізілуі тиіс. Соның нәтижесі бойынша, сақтандыру компаниясына хабарласып, шығын көлемін хабарлаймыз және өтемақы көлемі белгіленеді. Өз тарапымыздан апаттан көз жұмғандардың отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеміз», - деді «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан зардап шеккендер саны 36-ға жетті.

26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Astana LRT өкілінің хабарлауынша, 301 автобус жүргізушісі Абай Оспанов таңғы 6.30-да рейске шығарда медициналық тексеруден өткен және денсаулығынан еш кінәрат байқалмаған.

Соңғы жаңалықтар