Астанадағы жоғары оқу орнының студенті іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жоғалып кеткен студенті Руслан Имашевтің анасы ол жоғалғаннан кейін он күннен соң Орал қалалық ішкі істер басқармасына арыз жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Астанада оқиды, ал өзі Оралдан. Оралда жоғалып кеткендіктен бізге өтініш түскен жоқ. Біз оның анасына хабарластық, Орал қалалық ішкі істер басқармасына арыз жазған екен. Өйткені, оның пойызға отырғаны не отырмағаны белгісіз. Сол ауданда жоғалған сияқты. 28 қаңтар күні ол Оралдан шығуы тиіс болған. Анасы тек 10 күн өткеннен кейін ғана арыз жазып отыр», - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Достарының мәліметтеріне қарағанда, студенттің банк карточкасынан Астанада ақша алынған.

Естеріңізге сала кетсек, Руслан Имашев 28 қаңтар күні жоғалып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ. Русланның анасы ұлының жоғалғандығы туралы арызын 8 ақпан күні ғана берген. Ал университет төртінші курс студентінің жоғалып кеткендігінен бейхабар. Достары мен курстастары оны өз беттерінше іздеуде.

Русланның түр-әлпеті: орта бойлы, арықша келген, сарғылт шашты, бетінде секпілі бар, капюшоны бар киім кигенді ұнатады.

Руслан Имашев жайында кез келген деректі білетін азаматтар мына нөмірлерге хабарласуына болады: 8-702-715-36-12 (Дәуірхан); 8-702-533-65-90 (Азат); немесе 102.

Соңғы жаңалықтар