Астанадағы Жеңіс шеруіне Маңғыстаудан Ұлы Отан соғысының 12 ардагері қатысады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтетін Жеңіс шеруіне Маңғыстау облысынан 12 ардагер барады. Бұл туралы брифинг кезінде Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова хабарлады.

«Бастапқыда Астана қаласындағы мерекелік шараларға 15 ардагерді және тағы екеуін Мәскеудегі шараларға жіберуді жоспарлаған едік. Біз топтарды құрып, олармен әлеуметтік қызметкерлер мен соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы бірге жүреді деп жоспарладық. Бірақ ресейлік тарап Қызыл алаңдағы шеру шараларына басқа елдерден қатысушылардың санын қысқартты. Сондықтан ардагерлер ренжімеуі үшін біз оларға Астанада өтетін Жеңіс шеруіне қатысуды ұсындық», - деп баяндады Г.Қалмұратова.

Оның айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігі 17 ардагердің қатысуына рұқсат берген, бірақ денсаулық жағдайы ескеріліп, соның ішінде 12-сі ғана сапарға шығуға келісімдерін берді.

«Мерекелік шаралар 7 мамыр күні Астанада өтеді, 9 мамырда алаңда мәдени бағдарлама өткізіледі», - деп хабарлады Г.Қалмұратова.

Соңғы жаңалықтар