Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Астанадағы Жеңіс даңғылында BusLane енгізіледі

2022 жылғы 29 маусым 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 2 шілдеден бастап Жеңіс даңғылында (Есенберлин көшесі – Бөгенбай даңғылы аралығы) 7 жолақты қозғалыс енгізіледі. Оның бірі қоғамдық көлікке арналған (BusLane), деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, бүгінгі күні аталған даңғыл бойынша 15 бағыт бойынша жалпы саны 175 автобус жүреді.

«Осылайша, аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылықтар жасалады», - деді компаниядан.

Сондай-ақ қоғамдық көліктің BusLane бойымен жүруі қарбалас сағаттарда автобусты күту уақытын 18% дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жеңіс даңғылында қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылады және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталады. Бұл жол қиылыстарындағы жүктемені азайтады.

Қазіргі таңда аталмыш учаскеде жол белгілерін салу жұмыстары жүріп жатыр.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар