Астанадағы жекпе-жек сарайында еліміздің ең үлкен туы жайылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жыл сайынғы дәстүр бойынша студенттерді қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара барысында Астана қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында еліміздің ең үлкен мемлекеттік туы таныстырылды.

Туды ортаға алып шыққан соң жиналған қауым әнұранды орындады. Жібек матадан жасалған мемлекеттік тудың көлемі - 800 шаршы метр. Ал салмағы – 60 келіге жуық.

Салтанатты рәсімде М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU-дің 2 200 бірінші курс студенті ант берді. Жалпы аталған рәсімге 5 мыңнан астам адам қатысты.

Сондай-ақ, шарада аталған университеттің жоғары мектебі зияткерлік, әлеуметтік және шығармашылық бойынша үздік команда атағы үшін сынға түсті.

Биыл қазылар алқасы құрамында жастар арасында танымал Динара Сәтжан, Серік Сәпиев, Айтым Жақыпов, Дидар Ислам, Илья Ильин, Есен Елеукен, Айкерім Есенәлі, Азат Әбікен және басқа тұлғалар төрелік етті.


Соңғы жаңалықтар