Астанадағы жаяу жүргіншілер көпірінде көлігімен жүйткіген жүргізуші халықтан кешірім сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңадан салынған жаяу жүргіншілер көпіріне көлігімен шығып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласы ІІД-нің жергілікті полиция қызметкерлері 28 жастағы «Opel  Vectra» маркалы көліктің жүргізушісін ұстады. Ол ҚР ӘҚБтК 596-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақ түсті көліктің жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған көпірдің үстінде жүйткіп бара жатқаны түсірілген видео тарап кеткен болатын.

Көп өтпей ұсталған жүргізушінің кешірім сұраған видеосы да пайда болды.

«Мен осы «Opel  Vectra» маркалы көліктің жүргізушісімін. Есімім Қайрат болады. Кеше, жетінші шілде күні жаяу жүргіншілер көпірінде жүрдім. Осы ыңғайсыз жағдайда қалдырғаным үшін бүкіл Астана халқынан және қонақтарынан кешірім сұраймын», - дейді жүргізуші.


Opel Vectra заехал на открытый недавно пешеходный мост "Атырау" в Астане, передает Tengrinews.kz. Водитель извинился перед жителями города. _ Как сообщили в пресс-службе ДВД Астаны, водитель оштрафован. _ "Полицейскими МПС ДВД Астаны водитель автомашины марки Opel Vectra 1990 года рождения задержан и привлечен к административной ответственности по статье 596 КР КоАП", - сообщили в полиции. _ Кроме того, водитель автомашины принес извинения жителям Астаны. _ 📰: tengrinews.kz 🇰🇿

Публикация от ASTANA АСТАНА (@vastane.kz)


Еске сала кетсек, 1 шілде күні Қазақстан Президенті Есіл өзені арқылы өтетін дәл осы велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді аралап көрген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде Қазақстан Президенті жаңа көпір Атырау облысының лайықты тартуы екенін және оның елорда тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жылдар бойы қызмет ететінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар