Астанадағы жарылыс: Үйіндінің астынан әйел адамның денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жарылған ғимараттың үйінділерінің астынан әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтемемен.

Әйелдің денесі сағат 01.18-де табылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 15 наурыз күні сағат 17.06-да Астана ТЖД пультіне Алаш тас жолы бойындағы "МолПродуктсервис" ЖШС екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға салдарынан үш адам жапа шегіп, ауруханаға жатқызылды. Бір адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде әйел адамның денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар