+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Астанадағы жарылыс: Үшінші зардап шегушінің жағдайы белгілі болды

2019 жылғы 16 наурыз 14:10
Бөлісіңіз:
Астанадағы жарылыс: Үшінші зардап шегушінің жағдайы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі газ баллонының жарылысынан зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ баллонының жарылысынан зардап шеккен 1979 жылы туған азаматша біздің институттың травматология бөліміне жатқызылды. Пациент көп жерден жарақат алған, яғни оң жақ жіліншігінің екі бірдей сүйегі жабық түрде сынған, сондай-ақ сол жақ тобығында да жабық сынық анықталды. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, жарақатының көптігінен орта деңгейдегі ауыртпалық бар деп айтуға болады», - деп мәлім етті аталған мекеменің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін газ баллонының жарылысынан кейін №1 қалалық ауруханаға жеткізілген 2 зардап шегушінің денсаулығы туралы жазған болатынбыз. Ер адамның - 50 пайыз, әйелдің 70 пайыз денесін күйік шалған. Екеуінің де жағдайы ауыр.

Оқиға 15 наурыз күні кешқұрым Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-да болды. Екі қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Салдарынан 3 адам зардап шекті. Түнгі сағат 01.18-де құтқарушылар үйінділердің астынан әйел адамның денесін алып шықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT