Астанадағы жарылыс: Құтқарушылар жалын арасынан 25 газ баллонын алып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы өрт пен газ толтыратын резервуардың жарылыстың анық-қанығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 19:44-те 101 пультіне Ақжол көшесі 26 мекенжайы өртеніп жатқаны туралы қоңырау шалынды. Оқиға орнына шұғыл жеткен Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшесі 19:51-де ҚазҒЗИ аумағында ағаштан салынған қосымша жайдың 40 шаршы метрі өртеніп жатқанын анықтаған. Сондай-ақ газдың шығып кетуі салдарынан газ толтырылатын резервуар жанған»,-деп хабарлады ТЖД.

ДЖД ақпаратына қарағанда, тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 25 газ баллонын алып шыққан. Өрттің себеп- салдары анықталуда.

Өрт сөндіруге жеке құрамның 5 техникасы мен 31 адамы жұмылдырылды. Тілсіз жау 21:30-да сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар