Астанадағы жәрмеңкеде павлодарлықтардың өнімі экологиялық таза пакетке салынады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар  облысының саудагерлері ет пен көкөніс өнімдерін өңірдің эмблемалары қойылған пакеттерге орайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саудагерлер ет пен көкөністі Павлодар облысының эмблемалары салынған өздігінен ыдырайтын пластиктен жасалған экологиялық таза пакеттерге орайды. Бұдан бөлек, барлық павильондар бір стильде безендіріліп, саудагерлер мен қызметкерлер бірыңғай форма киеді», - деді Павлодар облысы әкімдігінің өкілі.

Павлодар облысы әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, павлодарлық фермерлер шамамен 500 тонна өнім әкелуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында 18,7 тонна сиыр еті, 10,5 тонна жылқы еті, 2,5 тонна қой еті, 5 тонна құс еті, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс пен 130 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері бар.

Еске салайық, елордада жақын күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланып отыр. Сауда қатарлары Қ.Мұнайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағында орналасады. Жәрмеңкеге Павлодар облысынан 100-ден астам кәсіпорын қатысады. Атап айтқанда, Қазақстанға танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар - Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Тимур» ШҚ, «Қайрат» ШҚ сияқты павлодарлық кәсіпорындар өздерінің өнімдерін ұсынатын болады. 

Соңғы жаңалықтар