Астанадағы жәрмеңкеде Ақмола облысының өнімдері арзан бағамен сатылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 29-30 қазан күндері елордада Ақмола облысының ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Хасым Иткусов елорда әкімдігінде брифинг өткізді.

«Аталған жәрмеңкеде ақмолалық өндірушілер шамамен 850 тоннадан астам түрлі өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары Ақмола облысының 50-ден астам азық-түлік тауарын сатып ала алады. Бағалар нарықтан 10-15 пайыз төмен болады», - деді ол.

Спикер атап өткендей, ақмолалық фермерлердің өнімі елорда тұрғындарына жақсы таныс. Мәселен, «Родина», «Гормолзавод», «Қазбиф», «Курочка Ряба», «Кус-Вкус», «Қазгерқұс» және басқа да танымал маркалар бар.

«Аталған жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары ауқымды концерттік бағдарлама ұсынады. Сондықтан, құрметті қонақтар мен қала тұрғындары, ертең және арғы күні осы жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз», - дейді Х. Иткусов.

Айта кетейік, жәрмеңке «Астана Арена» стадионы жанында өтеді.


Соңғы жаңалықтар