Астанадағы жәрмеңке: Азық-түліктер арзан бағамен саудалануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеге облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 115-ке жуық кәсіпорын қатысып, олар 100-ден астам тауар түрін ұсынуда.

Азық-түлік тауарларын орналастыруға арнайы 60 сауда шатыры құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне облыстан барлығы 725 тонна өнім әкелінді, оның ішінде: cиыр еті - 35,1 тонна; жылқы еті - 18,5 тонна; қой еті - 7,3 тонна; құс еті- 14 тонна; шошқа еті - 3 тонна; шұжық өнімдері - 4 тонна; сиыр етінен жасалған консервілер- 3 тонна; кондитерлік өнімдер - 1 тонна; Макарон өнімдері - 5 тонна; жарма -2,8 тонна; бал - 13 тонна; қымыз - 1 тонна; сүт өнімдері - 14 тонна; сары май - 1,3 тонна; жұмыртқа - 72 мың дана; ұн - 28 тонна; картоп және көкіністер - 559 тонна.
null

null  

«Биылғы жәрмеңкенің ерекшелігі біздің облыстан ірі көлемде өнеркәсіп орындары қатысуда. Елорда тұрғындарынан көбінесе құс өнімдеріне сұраныс жоғары, сол себепті ірі көлемде 14 тонна әкелдік. Бұдан бөлек сүт өнімдері жақсы өтіп жатыр, облыста сүт өнімдерімен айналысатын 13 кәсіпорын болса, соның 8-і сүт және сүт өнімдерін жәрмеңкеге әкеліп отыр. Баға мәселесіне келсек, Астананың базар нарығымен салыстырғанда 15-20% төмен бағамен алуға болады», -деді СҚО Ветеренария басқармасының басшысы Алтынбек Абдуллаев.
null null 

Екі күнге созылатын СҚО ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің жанында өтіп жатыр, сонымен қатар жәрмеңке аясында мерекелік концертте ұйымдастырылуда.
null 

Соңғы жаңалықтар