Астанадағы жәрмеңке: Атырау облысы 20 тоннадан астам балық әкеледі

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - 25-26 тамыз күндері «Қазақстан» спорт кешеніне қарасты көлік тұрағының маңайында ауылшаруашылық өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері 12,5 тонна картоп, көкөністер мен бақша дақылдарын, 10 тонна ет  және 2,5 тонна сүт өнімдерін әкеледі. «Карат» және «Асыл агро» кәсіпорындары 3 мың тонна консерві және шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқаларын ұсынады. Өңір балыққа бай болғандықтан, жәрмеңкеге 20 мың тонна балық қойылады.

Балық өңімдерін облыстың ірі өндірушілері ұсынатын болады. Олардың қатарында Атырау қаласының «Амангелді» және «Тілекші» сынды 2 ірі кәсіпорны, Құрманғазы ауданына тиесілі «СевҚазКаспий» ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны бар.

Дәстүр бойынша, сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен арнайы концерттік бағдарлама күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар