Астанадағы жәрмеңке: Ақмола облысы 700 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  -  Астана қаласында алдағы демалыс күндері, 27-28 қазанда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Қазақстан» спорт кешені маңында ұйымдастырылатын жәрмеңке Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.

Жәрмеңкеде Ақмоланың 17 ауданы мен 2 қаласындағы 100 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынатын болады.

Жалпы, елордаға 730,5 тонна азық-түлік өнімдері жеткізіледі. Оның ішінде 373 миллион теңгенің 100-ден астам азық-түлік өнімі қала базарларындағы бағадан 15-20 пайызға арзанға сатылмақ. Бұлар ет және шұжық, балық және сүт өнімдері, ұн, картоп және өсімдік майлары тәрізді өнімдер.

Бұған қоса, жәрмеңкеде Ақмола облысының саз және би ұжымдарының мәдени бағдарламасы ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар