+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Астанадағы жаңа мектепте «Абайтану» пәні оқытылады

2019 жылғы 1 қыркүйек 15:16
Бөлісіңіз:
Астанадағы жаңа мектепте «Абайтану» пәні оқытылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенов елордада ашылған Абай атындағы №87 мектеп-гимназияда «Абайтану» пәнін оқытудың ерекшеліктерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды түрмесінде сотталғандар домбыра жасап, мәдениет үйіне сыйлады Польшада Абайға арналған пошта маркасы шығарылды Қазақстанда «Абай» телеарнасы ашылды

«Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы жаңа мектеп ашылды. Бұл, елордада ұлы ойшылдың атымен аталған тұңғыш мектеп. Сонымен қатар, мектепте алғашқы күннен бастап «Абайтану» интерактивті кабинеті ашылады. Сынып мұражай үлгісінде жасалған, сондықтан балалар бірден Абай мұрасына қанығар деген үміттеміз», - деді Нұралы Құдайбергенов агенттік тілшісіне.


Ол сондай-ақ интерактивті кабинетте балалар инновациялық технологиялар бойынша пәнді оқитынын атап өтті.

«Біз «Абайтану» атты бірегей кешен әзірледік. Ол заманның талаптарына толығымен сай келеді. Яғни, компьютерлердің, интерактивті тақтаның көмегімен балалар Абай мұрасын терең зерттей алады. Сол жерде Хәкімнің барлық шығармалары, өлеңдері электронды түрде қолжетімді болады. Мысалы, балалар күрделі сөздердің мәнін сол жерден бірден таба алады. Сонымен қатар, оқушыларға өлеңдерді жатқа оқуға, әр мәтінді ажыратуға үйретеді. Абай шығармаларымен жұмыстар балаларға оларды жаттап алып қоймай, ойшылдың еңбегін терең танып білуге, өмірлік даналықты меңгеруге мүмкіндік береді», - деді Н. Құдайбергенов.

Сонымен қатар, академия басшысы мұндай сыныптар еліміздің барлық мектептерінде енгізілетініне сенім білдірді.


«Абайтану» интерактивті кабинеттері бүгінгі күні жұмысын бастап кетті. Біз мұндай кабинеттердің Қазақстанның барлық мектептерінде, аудан, облыс орталықтарында болғанын қалаймыз. Абайдың жаңа технологиялар бойынша ілімдері бар мектептер көп болған сайын балалар рухани-адамгершілік тәрбиеге ие болады», - деді ол.

«Абайтану» пәнін факультативтік курс ретінде 9-11 сынып оқушылары оқиды.


Интерактивті кабинет бірінші сынып оқушылары үшін де қолжетімді. Жалпы, бұл кабинетке Абай мұрасын зерттегісі келетіндердің бәрі де кіре алады.

Сондай-ақ, спикер жаңа мектеп Абайға арналған барлық іс-шараларды тарту орталығына айналатынын атап өтті. Келесі жылы ойшылдың 175 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.


«Абайды тану – терең әрі тұрақты процесс. Келесі жылы біз ұлы ақынның 175 жылдығын атап өтеміз. Абайдың 175 жылдығы Қазақстан үшін маңызды датаға айналайын деп тұр. Біз Хәкімнің неден жерінгенін, неден ғибрат алғанын ұғынуымыз керек. Хәкімді терең түсіну үшін көптеген абайтанушылар еңбек етті. Абайды қазаққа танытуда Ахмет Байтұрсынұлының, Мұхтар Әуезовтің, Мекемтас Мырзахметовтің еңбегі зор», - деді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның ашылу салтанатына қатысқан болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT