Астанадағы жалақы қала өміріне сай болуы қажет - Әсет Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жалақы төлеудің жаңа жүйесін сынақтан өткізуге кірісті. Аталған жобаның атауы - "Әкімдіктің трансформациясы", деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, жаңа жоба республика бойынша алғаш рет қолға алынып отыр. "Ашығын айту керек, бізде жалақы төмен. Ал елорданың өмір сүру деңгейін ескерсек, жоғары білікті мамандарды жұмысқа тарту оңай емес. Сол себепті біз қызметкерлерге қатысты талаптарды өзгерттік. Енді әкімдік мен коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы жұмысына қарай төленеді", - дейді Исекешев.

"Әкімдіктің трансформациясы" аясында әрбір мемқызметкердің жүктемесі, жұмыс көлемі, штаттық кестесі, жеке жауапкершілігі және тағы басқа бірқатар көрсеткіштер ескеріледі. Жалақы жұмысына қарай төленсе, әрбір қызметкердің еңбекақысы 50 пайызға өсуі әбден мүмкін.

Айта кетейік , бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев астаналық кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы  Тимур Құлыбаев та қатысты. Сол жерде қала әкімі бизнеске берілетін салаларды жариялады. 

Бұдан бөлек, қала басшысы кәсіпкерлердің "ақ тізімін" енгізуді ұсынды . 

Соңғы жаңалықтар