Астанадағы Янушкевич көшесі бес күнге жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы А. Янушкевич көшесі 23-27 қазан аралығында уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше,  А. Янушкевич көшесінің А. Иманов көшесінен бастап А. Пушкин көшесіне дейінгі аралығында асфальт төселеді.

Осыған байланысты, осы жылдың қазан айының 23 күні сағат 15:00-ден 27 күні сағат 21:00-ге дейін аталған учаскеде көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар