Астанадағы үш мектептің директорына педагог әдебін сақтамағаны үшін ескерту берілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы үш мектептің басшысына педагог әдебі нормаларын сақтамағаны үшін ескерту берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы туралы онлайн баспасөз мәслихатында айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуованың айтуынша, жыл басынан бері департамент жанынан Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес жұмыс істеп келеді.

«Кеңеске осы кейінгі 9 айдың ішінде 20 педагогтен жазбаша өтініш түсті. Оның төртеу балабақша, 16-сы мектеп педагогінен түскен. Шағымдар бойынша жүрзілілген мониторингтің қорытындысы олардың көбі педагог құқығының бұзылуына, әдеп нормаларының сақталмауына, мұғалімдердің өзара түсініспеушілігіне, нормативтік апталық оқу жүктемесінің бөлінуіне немесе аттестаттаудан өтуге байланысты екенін көрсетті.

Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша педагогті кәсіптік қызметінен тыс жұмыстарға тарту, басылымдарға мәжбүрлеп жазу, қосымша есептілікті талап ету, жалақыны уақтылы алмау сияқты жайттар бойынша ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге, call-орталықтарға келген өтініштер бойынша да мониторинг жүргізіп отырмыз», - деді департамент басшысы.

Бағым Көптілеуова биыл түскен шағымдар негізінде 4 білім беру нысанының басшысы тәртіптік жазаға тартылғанын айтты.

«2021 жылдың 4 айында келіп түскен шағымдар бойынша бір балабақшаның, 3 мектептің башысына тәртіптік шара қолданылды. Сонымен қатар, өтініште көрсетілген 3 факт нақты дәлелденбеді. Балабақша басышсының әрекеттеріне екі педагогтен шағым түскен болатын. Меңгерушіге Білім және ғылым министрінің №190 бұйрығында көрсетілген педагогтік норманы сақтамағаны үшін ескерту жасалды. Үш мектеп басшысы да дәл осындай әрекеті үшін ескерту алды», - деді департамент басшысы.


Соңғы жаңалықтар