Астанадағы Ұлттық музейде өнер жұлдыздары қызмет көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 ақпан күні Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде келушілерге экскурсияны Қазақстанның танымал жұлдыздары жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шоу-бағдарлама ҚР Ұлттық музейінің бес жылдығы мен Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орай ұйымдастырылмақ.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Лейла Бекназар-Ханинга, танымал әнші Тамара Асар, «Astana opera» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин және белгілі тележурналист Майя Бекбаева мен Динара Сәтжан келушілерге гид ретінде қызмет көрсетеді. Жұлдызды команда мүшелері Музей залдарын өзара бөліп алып, келушілерге халқымыздың көне тарихы мен бай мұрасы туралы сыр шертеді», - деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

Музейдің биылғы бес жылдығына орай, «Жұлдызды гид» жобасында елімізге танымал бес талант иесі Музейдің бес көрме залын таныстырады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы жобаның алғашқы шымылдығын - Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Клара Төленбаева, Құрмаш Мақанов, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров және ақын Қалқаман Сарин ашқан болатын.

2017 жылы «Жұлдызды гид» шоу-бағдарламасына театр және кино актерлары Қуандык Қыстықбаев, Әділ Ахметов, елімізге танымал әншілер Индира Расылхан, Алтынай Жорабаева, Шахаризат Сейдахмет қатысты.

Былтыр Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Жеңіс Ысқақова, әнші Дос, театр және кино әртістері Дәурен Серғазин және Нүркен Өтеуілов көрермен көзайымы болған еді.

Соңғы жаңалықтар