Астанадағы Ұлттық музейде National Geographic Photo Ark көрмесі ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Ұлттық музейде National Geographic Photo Ark көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме жан-жануардың барлық түрін құжаттаумен айналысатын National Geographic зерттеушісі, фотограф Джоул Сарторидың хайуанаттар бағында, аквариумдарда және жабайы табиғат қорықтарында түсірген жұмыстарын көрсетеді. Мұндағы суреттер жай ғана фото емес, жер бетінен мүлдем жойылып кетудің алдында тұрған тіршілік иесінің ғажайып сұлу бейнесін, тіпті көңіл күйі мен жан дүниесін паш ететін - портреттер.

Джоул Сарторидың бағалауынша, толық аяқталған National Geographic Photo Ark құстарды, балықтар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушыларды, қосмекенділер мен омыртқасыздарды қоса алғанда, 20 000 түрдің портретін қамтиды.

National Geographic Photo Ark көрмесі дүние жүзінде, оның ішінде Лос-Анжелестегі Annenberg Space for Photography-де, Испанияның Мадридтегі ұлттық музейінде және Оңтүстік Кореяның Сеул ғылыми орталығында таныстырылды. Көрмелер аясында National Geographic-тің кітаптар сериясы да, соның ішінде «Photo Ark Wonders», «Vanishing» және «Birds of the Photo Ark» joelsartore.com сайтында немесе кітаптар сатылатын орындарда қолжетімді болады.



Соңғы жаңалықтар