Астанадағы Украина Елшілігіне «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабар түскен. Айтуынша, сағат 15.08-де электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.

Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді.

Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.

Фото: google maps

Соңғы жаңалықтар