Астанадағы тегін әлеуметтік дүкен қалай жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Ол жерде барлығы, яғни киім-кешек, ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар мен балалар ойыншығы тегін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің дүкеннен бір күннің ішінде 1000-1300 зат алып кетеді. Негізінен киімге ғана есеп жүргіземіз. Одан бөлек, ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар, балалар ойыншықтары мен басқа да қажеттілер бар. Сондай-ақ әр жұма сайын қамқор азаматтар келіп, мұқтаж жандар мен отбасыларға тегін нан таратады. Бұл да дүкен жүрігізіп жатқан қызметтің бір бөлігі. Атқарылған жұмыстар бойынша есеп Instagram парақшамызда беріліп отырады», - деді «Qarkyn.kz» тегін әлеуметтік дүкенінің қызметкері Берік Арыстанбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұқбатында.
null

Оның айтуынша, дүкеннің есігі көпбалалы және қолында мүгедек адамы бар отбасыларға, жалғызбасты аналар үшін әрдайым ашық. Әр отбасыға қажетті заттар айына бір-ақ рет беріледі.

«Бір айдан соң қайта келуге мүмкіндік бар. Отбасындағы әр адам үшін екі заттан алуға болады. Сондай-ақ ата-аналар балаларына ғана емес, өздеріне де керектерін ала алады. Дүкен ақпан айының соңында ашылды, алғашқы бір аптаның өзінде 8007 зат таратылды. Көмек көрсетілген азаматтардың деректер базасын да жасақтап жатырмыз», - деді ол.
null

Берік Арыстанбаевтың сөзінше, ондағы заттар мен киімдерді елорда халқы өздері әкеліп тапсырады және әкелінген заттардың 10% қолданылмаған, яғни жаңа.

«Бұл дүкенді қарапайым халыққа жаны ашыған бірнеше жігіт бірігіп ашып отыр. Мақсаты түсінікті - мұқтаж жандарға көмек беру, қол ұшын созу. Ашылғанымызға әлі бір ай болмаса да келіп жатқан адамдар мен заттарда шек жоқ. Осы тұрғыда қалалық әкімдіктен не Үкіметтен кеңірек ғимарат сұрауды ойлап отырмыз. Былай алып қарасақ қала бойынша пайдаланбайтын бірақ пайдалануға болатын заттарды не киімдерді тапсыратын орталық жоқ, осы бағытта арнайы бір нүкте ашылса»,- дейді ол.
null

Дүкенде үш адам жұмыс істейді, ал заттарды жинастыруға және сұрыптауға еріктілер қол ұшын созуда.

«Киім-кешек пен үй заттарымен қатар азық-түлік алып келетін азаматтар да бар. Алғашқы уақытта азық-түлікті осы дүкенде тараттық. Бірақ оған деген сұраныс жоғары болғандықтан, арты таласқа ұласты. Сондықтан, азық-түлікті таратуды тоқтатып, мұқтаж отбасыны өзіміз анықтап тауып, үйіне апарып беретін болдық. Мысалға, бүгінгі жоспар бойынша 9 отбасыға азық-түлік апарып береміз», - деді Б.Арыстанбеков.
null

null

Соңғы жаңалықтар