Астанадағы су тапшылығы: Жеңіс Қасымбек Президентке жағдайды баяндады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы сумен қамтамасыз ету туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.

Еске салайық, кеше Жеңіс Қасымбек астана тұрғындарына видеоүндеу жасап, су тапшылығы мәселесі жуық арада шешілетініне уәде берді.


Соңғы жаңалықтар