Астанадағы спортшылардың саны соңғы бес жылда 50 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы спортшылардың саны соңғы бес жылда 6 828 адамға немесе 50 пайызға өскен.

Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің баспасөз баянында хабарланады.

Ұлт денсаулығы - кез келген мемлекеттегі ең маңызды мәселе. Адамның басты құндылығы болып табылатын денсаулық дене белсенділігіне тікелей байланысты. Астана қаласындағы дене шынықтыру және спорт саласының көрсеткіштері оң үрдіске ие.

Қазіргі уақытта елордада спорт нысандарының құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізіліп, бұл дене шынықтыру және спорттың жандануына, үздік жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға оң әсерін тигізіп жатыр.

Астана қаласында дене шынықтыру және спорт саласында 25 мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді, онда спорттың 76 түрінен жаттығу жүргізіледі: 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 7 спорт клубы, 2 спорт комбинаты, 2 жоғары спорттық шеберлік мектебі, 2 спорт сарайы, Олимпиадалық резерв даярлау жөніндегі 1 орталық және бұқаралық спорт шараларын өткізу бойынша 1 дирекция бар.

Соңғы бес жылда спортшылардың саны 6 828 адамға, немесе 50 пайызға өскенін ерекше атап өту керек. Спорт мектептерінде жүйелі түрде жаттығып жүрген балалар мен жасөспірімдердің саны бес жылда 1 842 адамға өскен. Ведомстволық иелік етуіне қармастан, қаланың барлық спорт секцияларына 6-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 30 пайызы қатысып жүр.

Соңғы жаңалықтар