Астанадағы СОСО-ға келген алматылық ару біреудің шубасын киіп кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Mall» СОСО кафелерінің бірінде бойжеткен біреудің тонын киіп кеткен. Оқиғаның видеосы «Астана - Не? Қайда? Қашан?» тобында жарияланған.

«Сары түсті күртедегі қыз біреудің тонын (шуба) алып, киіп кеткен. Тонның иесі қателесіп алып кеткен болар деген ниетпен кафе жабылғанға дейін күткен. Араларыңызда танығандар болса, хабарын беріңіздер. Қыздар, абай болыңыздар», - деп жазылған әлеуметтік желідегі видеоның астына.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция бойжеткеннің кім екенін анықтады. Қыздың айтуынша, ол Алматыда тұрады және тонды (шуба) иесіне қайтарды. Астанаға мереке күндері қонаққа келген. Қыздың айтуынша, ол тонды өзінікімен шатастырып алған көрінеді», - деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Видеодағы өзін таныған қыз әлеуметтік желілерде жарияланған видеоны өшіргенде тонды қайтаратынын айтты, деп жазады Facebook желісіндегі елордалық топқа Даша Иванова деген атпен тіркелген қолданушы.

«Репост жасап, пікір қалдырғандарыңызға рахмет. Қалтасында банк карточкасы қалып қойғасын, видеодағы қыз өзін танып, тонның иесіне хабарласты», - деп жазады Facebook-те. 

Соңғы жаңалықтар