Астанадағы соңғы жәрмеңке: xалықтың сұранысы ет болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының маңайындағы алаңда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда.

Жәрмеңке ашылған бойда xалық тарапынан сұранысқа ие азық-түліктердің бірі - ет болды. Себебі жылқы, сиыр мен қой еті базар бағасынан біршама арзанға сатылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

 

Жалпы, осы облыстың шаруалары елордаға 2 мың тоннаға жуық өнімді алып келген. Оның ішінде ет, ұн өнімдері, шұжық, жұмыртқа және тағы басқа тауарлар бар. "Өзіңіз байқап отырған шығарсыз, біздің жәрмеңкедегі баға базардан әлдеқайда төмен. Мәселен, сиыр етінің бір келісі 1000 теңге, жылқы - 1100 теңге. Шыны керек, осындай жәрмеңкелерге xалық көптеп келеді. Себебі азық-түліктің барлығын шаруалардың өздері тікелей сатып жатыр", - дейді Ақмола облысы Оразақ ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қасымбеков.



Жәрмеңке барысында елордалықтар мен қала қонақтары үшін қазақтың ұлттық ойыны - асық атудан сайыс өткізілді. 

Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Ақмола облысының саяси-экономикалық жетістіктеріне арналған көрме өтті. Ал кешке қарай Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында жазушы М.Шаxановтың "Шыңғысxан" атты пьесасы бойынша спектакль қойылады.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар