Астанадағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде жасырын казино анықталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша МКД-ның экономикалық тергеу қызметкерлері «Солтүстік шұғыласы» тұрғын кешенінде покер ойындары өткізілетін жасырын ойынхана клубының заңсыз қызметін анықтап, тоқтатты, деп хабарлайды Астана қаласы бойынша МКД-ның баспасөз қызметі.

Заңсыз құмар ойынханасы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын кешеніндегі жалдамалы пәтерден анықталды.

Оқиға орнын қарау кезінде заңсыз покер клубын ұйымдастыру фактісі тіркелді. Аталған мекеменің ұйымдастырушысы - Сәдуақасов Е. есімді азамат. Сондай-ақ сол пәтерден ақша, покер ойынын өткізуге арналған 1 жиынтық, дәлірек айтқанда - ойын фишкалары мен 7 көзір анықталып, тәркіленді. Мекемеде жасырын клубтың ұйымдастырушысы, 2 дилер, 1 даяшы, 2 күзетші және есімдері анықталған 9 ойыншы болған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы өз кінәсін толық мойындады.

Осы іс сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 444-бабына сәйкес, арнайы орындардан тыс жерде құмар ойындарына қатысқан тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 444-бабына сәйкес (айыппұл түріндегі әкімшілік төлетудің сомасы 200-ден 300 АЕК дейін құрайды) әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
null null null

Соңғы жаңалықтар